Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай аудандық «Мойынқұм» мешітінде жамағатқа «Нашақорлық құрдымға кетіреді» тақырыбында уағыз жүргізді.
Уағыз барысында нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасына және қоғамға тигізетін зияны кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ есірткіге тәуелділіктің алдын алу, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.
Бас имам жастарды бос уақытын тиімді пайдаланып, білім мен пайдалы істерге ден қоюға шақырды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі


14 Қыркүйек 2026
1 Раби-сани 1448

