Мойынқұм ауданында ауданның бас имамы Ержан Көшкімбайұлының ұйымдастыруымен имамдарға арналған «Дін мен дәстүр» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Ислам құндылықтарының өзара сабақтастығы кеңінен түсіндірілді. Қатысушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы бірлікті нығайту және жастар тәрбиесіндегі дәстүрдің маңызы жөнінде насихат айтылды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


13 Қыркүйек 2026
30 Раби-авваль 1448

