БАС МҮФТИДІҢ АЛҒЫС ХАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

БАС МҮФТИДІҢ АЛҒЫС ХАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл өңірінде қасиетті Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге елеулі үлес қосқан дін қызметкерлері марапатталды. Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы айтулы мейрам күндері белсенді қызмет атқарған имамдарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы Алғыс хатын салтанатты түрде табыстады.

Марапатталғандардың қатарында айт күндері атқарған қажырлы еңбегімен және жауапты қызметімен оқ бойы озық шыққан Ержан Маханұлы, Әбжаппар Әмір, Нұрлан Мұрат бар.

Бас мүфти өз жолдауында Құрбан айт мерекесінде мерекелік іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына, құрбандық рәсімдерінің талапқа сай орындалуына, халыққа сапалы қызмет көрсетілуіне және қайырымдылық шараларының жүзеге асуына қосқан үлесі үшін дін қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірген. Бұл бағыттағы игі істер мен атқарылған ауқымды жұмыстардың көптеген отбасыларға қуаныш сыйлағаны ерекше атап өтілді.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: