ЖАМБЫЛ: УАҚЫП - ҚОҒАМДЫҚ ІС

ЖАМБЫЛ: УАҚЫП - ҚОҒАМДЫҚ ІС

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев мешітке келген жамағатқа «Уақып – қоғамдық іс» тақырыбында мазмұнды насихат айтып, оның қоғам игілігіндегі маңызына кеңінен тоқталды.

Уағыз барысында ол уақыптың адамдарға ұзақ мерзім бойы пайда әкелетін сауапты амалдардың бірі екенін түсіндіріп, оның қайырымдылық мәдениетін қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

Сонымен қатар, наиб имам ислам тарихында уақып дәстүрі арқылы көптеген білім ошақтары, мешіттер мен әлеуметтік мекемелердің дамығанын мысал ретінде келтірді.

Ол уақыптың тек материалдық көмек көрсетумен шектелмейтінін, керісінше қоғамға тұрақты игілік сыйлайтын маңызды қоғамдық қызмет екенін жеткізді.

Кездесу барысында жамағатқа халықтың әл-ауқатын арттыру мен мұқтаж жандарға қолдау көрсетуде уақыптың ерекше маңызға ие екендігі жан-жақты түсіндірілді.

Сондай-ақ, Азамат Балхожаев әрбір азаматтың мүмкіндігіне қарай қоғамдық игі бастамаларға үлес қосуы қоғамдағы ынтымақ пен өзара жауапкершілікті нығайтатынын атап өтті.

Насихат кезінде ата-бабаларымыздың қайырымдылық пен жанашырлықты өмір салтына айналдырғаны айтылып, бұл дәстүрдің бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпағаны сөз болды.

Жамағатқа игі істерге атсалысу арқылы рухани кемелденуге және қоғамның дамуына үлес қосуға болатыны жөнінде маңызды ойлар жеткізілді.

Тағылымды кездесу соңында қатысушылар уақыптың қоғамдық маңызын тереңірек түсініп, халық игілігі жолындағы қайырлы бастамаларды қолдаудың қажеттілігіне көз жеткізді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: