Бірлесу Еңбек ауылындағы "Бірлесу Еңбек" мешітінде өткен рухани кездесуде мешіт молдасы Сәкен Жолдасбеков жамағатқа «Отбасы құндылықтары» тақырыбында тағылымды насихат айтты. Уағыз барысында ол отбасының қоғамның негізгі тірегі әрі ұлттың болашағын қалыптастыратын маңызды институт екенін атап өтті.
Молда өз сөзінде берекелі отбасы өзара сыйластық, түсіністік және жауапкершілік секілді асыл қасиеттердің негізінде қалыптасатынын түсіндірді. Сонымен қатар, ол ата-ана мен бала арасындағы сыйластықтың отбасы татулығын нығайтып, ұрпақ тәрбиесінің сапалы болуына ықпал ететінін жеткізді. Кездесу барысында ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды отбасында дәріптеудің маңыздылығы жан-жақты баяндалды.
Сакен Джолдасбеков жастарды үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға және ата-ананың ақыл-кеңесіне құлақ асуға шақырды. Сондай-ақ, ол отбасы мүшелерінің бір-біріне деген жанашырлығы мен қолдауы көптеген қиындықтарды еңсеруге көмектесетінін атап өтті.
Насихат кезінде бала тәрбиесінде жақсы үлгі көрсетудің және көркем мінез қалыптастырудың маңызына ерекше назар аударылды.
Молда отбасыдағы татулық пен бірліктің қоғамдағы тұрақтылық пен берекенің негізі екенін айтып, бұл құндылықтарды сақтаудың қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар, ол технология дамыған заманда да отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасына көңіл бөлудің маңызын атап өтті. Жамағатқа отбасындағы әрбір адамның өз міндеті мен жауапкершілігін адал атқаруы шаңырақтың берік болуына ықпал ететіні жеткізілді.
Кездесуде ізгі тәрбие мен өнегелі ұрпақ қалыптастырудың алғашқы мектебі отбасы екендігі жөнінде құнды ойлар айтылды.
Тағылымды насихат соңында қатысушылар отбасы құндылықтарының мәнін терең түсініп, оларды сақтау мен нығайтудың қоғамның дамуы үшін маңызды екенін ұғынды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


10 Маусым 2026
24 Зуль-хиджа 1447

