Жуалы: "Талапты" мешітінде уағыз-насихат жүргізілді

Жуалы: "Талапты" мешітінде уағыз-насихат жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жуалы ауданына қарасты Талапты ауылдық мешітінде бесін намазының алдында жамағатқа насихат айтылды.

Мешіт имамы Әзілхан Каналбайұлы жиналған жамағатқа қасиетті Құран Кәрімнің «Рағд» сүресінің 37-аятын негізге ала отырып, тағылымды уағыз жүргізді. Насихат барысында Құран аяттарының мағынасы түсіндіріліп, мұсылманның өміріндегі имандылықтың, тура жолды ұстанудың және Алланың әмірлеріне бойсұнудың маңыздылығы баяндалды.

Жамағат уағыздан рухани әсер алып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Мұндай насихаттар тұрғындардың діни сауатын арттырып, рухани құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: