2026 жылғы 22 наурыз күні Ақтөбе ауылында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Ауыл тұрғындарының ауызбіршілігі мен қолдауының арқасында игі шаралар ұйымдастырылып, ұлттық дәстүрлер дәріптелді.
Мереке аясында ауыл мешітінің асханасында жамағатқа арналып наурыз көже таратылды. Қайырымдылық бағыттағы бұл шараға жалпы 313 мың теңге қаржы жұмсалып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, ауыл орталығында түрлі мәдени-спорттық жарыстар ұйымдастырылып, тұрғындар белсенділік танытты. Аталған іс-шаралар жергілікті әкімшіліктің қолдауымен жүзеге асып, ауыл өміріне серпін берді.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



02 Сәуір 2026
14 Шавваль 1447

