Түрксіб мешітінде ауыл тұрғындары референдумға қатысып, өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділіктерін көрсетті. Шара барысында мешіт аумағында және ауыл төңірегінде сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындары бірігіп, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, қайырымдылық мақсатында 3 тонна пияз тұрғын үйлерге таратылып, көптеген отбасыларға көмек көрсетілді. Мұндай игі істер ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, өзара қолдау мен жанашырлықтың маңызын тағы да айқындай түсті.



19 Март 2026
30 Рамадан 1447

