Әл - Фирдаус мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 10 адамға азық - түлік таратылды. Бұл игі шараның мақсаты - көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету және қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыру.
Азық - түлік пакеттері мұқтаж отбасыларға берілді. Соның ішінде үш адам - мүмкіндігі шектеулі, яғни мүгедектігі бар азаматтар өздері келіп алып кетті. Осындай қайырымдылық істері адамдар арасындағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтып, көпшілік пен өскелең ұрпаққа үлгі болады.



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

