Асым ата мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 15 отбасыға азық - түлік таратылды. Бұл игі шараның мақсаты - әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету.
Таратылған азық - түлік тұрғындардың күнделікті тұрмысына қажетті өнімдерден құралды. Қайырымдылыққа жұмсалған жалпы қаражат көлемі 300 мың теңгені құрады. Мұндай сауапты істер адамдар арасында мейірімділік пен жанашырлықты арттырып, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайта түседі.
Мешіт ұжымы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шараларын жалғастырып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуді мақсат етеді. Осындай игі істер көпшілікке үлгі болып, жақсылықтың көбейе түсуіне себеп болады.



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

