Тараз: Алғыс айту күніне арналған игі шара

Тараз: Алғыс айту күніне арналған игі шара

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесіне орай Әл - Әділ мешіті қабырғасында тағылымды кездесу өтті.

   Мешітіміздің бас имамы шәкірт тәрбиесіне , мешіт жұмысына белсене атсалысып жүрген ардақты әжелерімізге ризашылығын білдіріп , алғыс хаттар табыстады. Бұл - мешіт өміріне тұрақты түрде келіп , жастарға өнеге болып жүрген әжелерімізге көрсетілген құрметтің белгісі болды.

   Сонымен қатар, ұстазымыз Ләззат Амиреева апаларымызға алғыс білдіріп , Рамазан айының құрметіне ақ жаулықтар тарту етті.

   Бұл игі шара мешітке келуші әжелерімізге құрмет көрсетіп , олардың қоғамдағы және тәрбиедегі рөлін айшықтай түсті.Осындай тағылымды басқосулар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: