Әбу Бәкір Ас - Сыдық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шығарған «Пәтуа» кітабы таныстырылып, жамағатқа арналған арнайы түсіндіру сағаты өткізілді. Шара барысында кітаптың мазмұны, ондағы пәтуалардың маңызы және күнделікті өмірде кездесетін діни мәселелерге қатысты берілген жауаптар кеңінен түсіндірілді.
Кездесу кезінде жамағатқа шариғат мәселелері жөнінде пайдалы мәліметтер беріліп, дұрыс діни түсінік қалыптастырудың маңызы айтылды. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Осындай тағылымды кездесулер жамағаттың діни білімін арттырып, жастар мен тұрғындарды дұрыс жолға бағыттауға үлкен септігін тигізеді.Мешітте өткізілген бұл шара жамағат үшін пайдалы әрі әсерлі рухани кездесу болды.



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

