Тараз: Жақсылықтың қайыры мол

Тараз: Жақсылықтың қайыры мол

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Түрксіб мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, 15 отбасыға азық - түлік пен кілем таратылды. Бұл игі шараның басты мақсаты - көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету және олардың тұрмысына аз да болса жеңілдік жасау.

   Таратылған көмекке күнделікті тұрмысқа қажетті азық - түлік өнімдері мен кілемдер кірді. Қайырымдылыққа жұмсалған жалпы қаражат көлемі 900 мың теңгені құрады.

   Осындай игі істер қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттырып, адамдар арасындағы бірлік пен бауырмалдықты нығайта түседі. Мешіт тарапынан ұйымдастырылған мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: