Жамбыл Жабаев мешітінде студенттерге ауызашар ұйымдастырылып, дін мен дәстүр тақырыбында арнайы уағыз өткізілді. Шара барысында жамағатқа дұрыс діни түсінік пен ұлттық дәстүрдің маңызы туралы мәліметтер беріліп, жастардың рухани тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінді.
Уағызда қатысушыларға күнделікті өмірде діни қағидаларды дұрыс ұстанудың маңызы түсіндіріліп, олардың сұрақтарына толық жауап берілді. Ауызашар кезінде студенттер бір - бірімен жылы қарым - қатынас жасап, мешіттегі қоғамдағы достық пен бірліктің үлгісін көрсетті.
Осындай игі шаралар жастардың рухани дүниесін байытып, дін мен дәстүрді насихаттауға үлкен үлес қосады. Мешіт ұжымы алдағы уақытта да білім мен ізгілікке бағытталған осындай кездесулерді жалғастыруды жоспарлап отыр.



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

