"Әл - Хафиз" мешітінде ауызашар ұйымдастырылып, жамағатқа дастархан жайылды. Ауызашар кезінде қазақ дәстүрінде үлкенге құрмет көрсету, ата -ана мен қарттарға деген ізгі қарым - қатынастың маңызы туралы арнайы уағыз жүргізілді.
Шара барысында қатысушыларға дәстүрлі құндылықтар мен әдеп нормалары түсіндіріліп, күнделікті өмірде үлкенге құрмет көрсетудің жолдары туралы кеңестер берілді. Осындай кездесулер жамағаттың рухани дүниесін байытып, қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтуға септігін тигізеді.
Мешіт ұжымы алдағы уақытта да дәстүр мен дінді насихаттайтын, пайдалы әрі тәрбиелік мәні зор шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

