Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаевтың ұйымдастыруымен мешіт айналасындағы тұрғындарға сый-құрмет көрсетіліп Рамазан қоржыны табысталды. Көршіні сыйлау пайғамбарлардың сүннетінен.
Хадис шарифте: «Маған Жебірейіл періште көрші ақысы туралы көп өсиет айтқандығы сонша, мен көршім мұрагеріме айналатын шығар деп ойладым» дейді Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын). Көршісінің сенімінен айрылған жан толық иман келтірген болып саналмайды. Дінімізде көрші ақысына өте мұқият болуға шақырады.
Тараз қалалық орталық "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі.



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

