«Кеңесхан қажы» мешітінде білім алып жүрген шәкірттер арасында қасиетті Рамазан айында Құран хатымы жасалды. Бұл игі шараның басты мақсаты – шәкірттердің Құран Кәрімге деген сүйіспеншілігін арттырып, келесі Рамазанға дейін оны өздігінен толық оқып шығуға дағдыландыру.
Шәкірттер күн сайын екі парадан Құран оқып, 15 күн ішінде қасиетті Құран Кәрімді толық тәмамдап, хатым жасады. Хатым соңында арнайы дұға оқылып, Алла Тағаладан қабыл болуын тілеп, жамағатпен бірге ізгі тілектер айтылды.
Мұндай рухани шаралар шәкірттердің ілімге деген ынтасын арттырып қана қоймай, олардың Құранмен байланысын нығайта түседі. Қасиетті кітапқа деген құрмет пен махаббат жүректерде терең орнығып, өмірлік бағдарға айналады.
Алла Тағала оқылған Құрандарды қабыл етіп, баршамызға Құран нұрымен ғұмыр кешуді нәсіп етсін. Ұлттық құндылықтар мен әжелер мектебінің тағылымы арқылы тәрбиеленген ұрпақтың рухани деңгейі биік болғай.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

