«Айша-бибі» қыздар клубының ұйымдастыруымен, «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдігерқызының ұйытқы болуымен қасиетті Рамазан айында, сондай-ақ 15 наурыз – «Қайырымдылық күніне» орай игі іс жүзеге асты.
Аталған шара аясында клуб мүшелері сәбилі аналарға қолдау көрсетіп, кішкентай бүлдіршіндерге арналған киім-кешек тарту етіп, аналардың жүрегіне қуаныш сыйлады. Бұл – қоғамдағы мейірім мен жанашырлықтың жарқын көрінісі болды.
Осы қайырымды іске мұрындық болған Эльмира әпкемізге Алла Тағала разы болсын! Кәсібіне береке, еңбегіне мол сауап нәсіп етсін.
Аналарымыз аман болып, сәбилеріміз – болашақтың үміті – дені сау, аман-есен өсіп, елге қызмет ететін саналы ұрпақ болып жетіле берсін. Ұлттық құндылықтарды дәріптеген әжелер мектебінің тағылымы әр отбасының тірегіне айнала берсін.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



19 Маусым 2026
3 Мухаррам 1448

