Шу қаласындағы «Кәрібай молда» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Қадір түніне орай «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.
Игі шара мешіт ұстазы Ғалия Байториева ұйытқы болуымен қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсетіліп, үйі өртенген отбасына және аналары қайтыс болған балаларға қаржылай көмек пен сый-сияпат табысталды.
Бұл бастаманың басты мақсаты – қасиетті Рамазан айында мұқтаж жандарға жанашырлық танытып, қоғамда мейірімділік пен қамқорлықты арттыру. Ұйымдастырушылар игі іске үлес қосқан жандарға алғыс білдіріп, жасаған қайырымдылықтарын Алла Тағала қабыл етуін тіледі.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

