Байзақ: ҮЛГІЛІ АУЫЛЫНА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Байзақ: ҮЛГІЛІ АУЫЛЫНА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Үлгілі ауылдық мешітіне жиналған жамағатқа «Зекет пен садақа берудің пайдасы мен беректі» тақырыбында уағыз айтып, ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Үлгілі ауылы «Әбдімажит» мешітіне Баешов Азамат Боранбайұлы имам болып тағайындалғанын жеткізді.

Азамат Баешов 2021-2023 ж.ж.  Жамбыл облысы Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің наиб имам қызметін атқарды.

2023 жылдан бері Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имам қызметін атқарды.

Үлгілі ауылдық мешітінде осы уақытқа дейін қызмет жасаған Түзелбай Қайыржан Пердебайұлыны алғыс айтып, жаңа тағайындалған имамның қызметіне сәттілік тіледі. Ақсақалдар жаңа имамға бата беріп, жергілікті тұрғындардың рухани ілімін жетілдіру жолында еңбек етуіне жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.       

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: