БАЙЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ АУЫС-ТҮЙІС

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ АУЫС-ТҮЙІС

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы  қасиетті жұма күні Қосақ ауылдық мешітінің жамағатына «Қасиетті Құран – мұсылман жүрегінің көктемі» тақырыбында насихат айтты.

Уағыздан кейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қосақ ауылдық мешітіне тағайындалған жаңа имам Бердалиев Мұхит Ермаханұлы жергілікті жамағатқа таныстырылды.

Өзінің еңбек жолын 2017 жылы  Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Диқан ауылдық «Диқан» мешітінде молдалықтан бастаған ​Мұхит Бердалиев 2023 жылдан бері  Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде наиб имам қызметін атқарды.

Бас имам жаңадан тағайындалған Мұхит Ермаханұлына қызметіне сәттілік тілеп, осы уақытқа дейін “Қосақ” мешітінде қызмет жасаған имам Ернұр Қойбекұлына алғысын айтты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: