Талас: "Дін және бейбітшілік" насихатталды

Талас: "Дін және бейбітшілік" насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін және бейбітшілік 4-ші наурыз күні мәдениет үйінде 9-шы сынып оқушыларымен "Дін және бейбітшілік" тақырыбында кездесу болып өтті. Іс - шараға "Төртбай ата" мешітінің имамы Түзелбаев Зульфухар қатысып, тақырыпқа сай дін мен бейбітшілік жайында кең көлемде әңгіме өрбітіп, қоғамда діннің маңыздылығы мен діни тұрақтылықтын құндылығын жан-жақты ашып түсіндірді.

Қазіргі кезде әлемде болып жатқан діни қақтығыстардың зардаптарын айтып, бейбіт өмірдін баға жетпес үлкен нығмет екенін айта келіп, елімізде өмір сүріп жатқан әр түрлі ұлттар ұстанатын діндердін бір - бірімен жақсы қарым - қатынаста болуы, ол, бейбітшіліктін кепілі екенін айтып өтті.

Іс - шараның соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар беріліп Жақсы көңіл күймен кездесу қорытындыланды.

"Төртбай ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: