#Шу: «Жәми» мешітінде екінші ауызашар кеші өтті

#Шу: «Жәми» мешітінде екінші ауызашар кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы «Жәми« мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен кезекті екінші ауызашар кеші өткізілді. Шараға жамағат қатысып, мерекелік көңіл-күйде рухани тәрбиелік іс-шарадан үлесін алды.

Кеш барысында қатысушыларға тағылымды ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар Рамазан айы мен оразаның қадірі жайлы уағыз насихат жүргізілді. Аталмыш семинар мен ойындар қатысушыларға рухани азық беріп, қоғамдағы бірлік пен ізгілікке шақырды.

Осындай игі бастамалар мешіттің әйел-қыздар жамағаты арасындағы діни білім мен имандылықты арттыруға септігін тигізеді.Соңында әйел-қыздар қауымы қуанышпен және ризашылықпен тарасты.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: