#Шу: «Жәми» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған семинар өтті

#Шу: «Жәми» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы «Жәми» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған кезекті рухани семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында жамағатқа имандылық пен сабырлылықтың маңызы туралы тағылымды насихат айтылды.

Кездесуде «Алладан қорқу» және «Ауруға сабыр ету» тақырыптары кеңінен түсіндірілді. Семинар барысында адам өміріндегі сынақтар мен қиындықтарға сабырмен қараудың, Аллаға тәуекел етіп, шүкіршілік етуінің маңызы сөз болды. Сондай-ақ дінімізде сабырдың орны ерекше екені, қиындыққа төзім танытқан адамның үлкен сауапқа кенелетіні айтылды.

Шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, діни тұрғыда жауаптар алды. Осындай тағылымды кездесулер әйел-қыздар жамағатының діни сауатын арттырып, рухани тәрбие беруге бағытталған.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: