Қасиетті Рамазан айының рухани шапағаты мен берекесі Шу өңірінде ерекше сезілуде.
«Қойайдар» мешітінің имамы Аян Смайыл Шу қаласында орналасқан «Төле би» мешітіне арнайы ат басын бұрып, жамағатпен жүздесіп қайтты. Кездесу барысында қасиетті тарауық намазы оқылып, жамағатқа имандылыққа үндейтін тағылымды уағыз айтылды. Имам өз сөзінде тақуалықтың маңызына тоқталып, мұсылман баласының жүрегін тазартуда, сабыр мен шүкіршілікті арттыруда тақуалықтың орны ерекше екенін атап өтті.
Кездесу барысында «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Кәрібайұлы қонақты көпшілікке таныстырды. Айта кетейік, аудан көлемінде білікті имам-молдалардың басын қосып, жамағатқа арнайы уағыз жүргізу қолға алынды.
Бұл көшпелі уағыз шарасының мақсаты – тұрғындардың имамдармен жақын танысуына мүмкіндік жасап, діни насихат жұмыстарын жандандыру. Сонымен қатар мұндай игі бастама Рамазан айынан кейін де жалғасын табатының жеткізді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

