ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚАДІР КЕШІНДЕ УАҒЫЗ ЖҮРГІЗДІ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚАДІР КЕШІНДЕ УАҒЫЗ ЖҮРГІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының ішінде жасырынған ұлық түндердің бірі – Қадір түні болуы ықтимал 16-нан 17-сіне қараған түнде Тараз жұртшылығы мешіттерге ағылып, ерекше ықыласпен құлшылыққа бет бұрды.

Берекелі түнді тағатсыздана күткен жамағат мешіттерге жиналып, имандасып, уағыз тыңдап, түнді ғибадатпен өткізуге ниет етті. Қасиетті кештің рухани атмосферасы әрбір мұсылманның жүрегіне әсер етіп, Аллаға деген сүйіспеншілік пен тәубе сезімін күшейтті.

Жамағатқа ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы «Қадір кешінің маңызы» тақырыбында тағылымы мол, мазмұнды уағыз айтып, бұл түннің қадір-қасиетін кеңінен түсіндірді. Бас имам өз сөзінде Қадір түнінің мың айдан да қайырлы екендігін атап өтіп, мұсылман баласын осы кешті барынша құлшылықпен, дұға-тілекпен, ізгі амалдармен өткізудің маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, жамағатқа кешірім сұрап, жүректі тазартып, Аллаға шынайы ықыласпен бет бұрудың маңызы ерекше екені жеткізілді. Қадір кешінің әр сәтін тиімді пайдаланып, рухани тұрғыдан жаңғыруға шақырды.

Айта кетейік, бұл түні мешіттерде Құран оқылып, жамағатпен бірге тарауық және қосымша намаздар оқылып, ел амандығы мен тыныштығы үшін дұғалар жасалды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: