«Бірлік» мешітінде имам Серік Смайловтың ұйымдастыруымен «Діннің тәрбиелік мәні» тақырыбында әңгімелесу өтті. Кездесу барысында діннің адам өміріндегі орны, оның тәрбиелік маңызы, адамды ізгілікке, сабырлылыққа және адамгершілікке баулитын құндылықтары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шарада жиналған жамағатқа діннің қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтудағы рөлі айтылып, пайдалы кеңестер мен насихаттар берілді.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.



17 Наурыз 2026
28 Рамадан 1447

