Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында Байзақ ауданы, Аймантөбе ауылдық «Аймантөбе» мешітінде Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы рухани кездесуі өткізді.
Рухани-танымдық басқосуда аудан бас имамы жамағатқа насихат айтып, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның төрт негізгі бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарын кеңінен таныстырып, алдағы жоспарларға тоқталды.
Аймантөбе жұртшылығы аудан бас имамы Қанат Әділханұлы мен «Дін мен дәстүр» бөліміне жауапты Бақытбек Бауыржанұлына ризашылық білдіріп, иықтарына қазақи дәстүр бойынша шапан жауып, ақсақалдары бата берді.



13 Март 2026
24 Рамадан 1447

