ҚМДБ-ның тапсырмасына сәйкес қасиетті Рамазан айында «Рамазанның 30 күніне – 30 уағыз» жобасы аясында Талас ауданындағы барлық мешіттерде күн сайын кешкі уағыздар өткізілуде.
Аталған шараның мақсаты – жамағатқа Рамазан айының рухани құндылықтарын кеңінен насихаттап, имандылық пен ізгілікті дәріптеу. Кешкі уағыздар барысында оразаның маңызы, сабыр, шүкіршілік, бауырмалдық және қоғамдағы бірлік туралы насихат айтылуда. Бұл игі бастама аудан мешіттерінде тұрақты түрде жалғасып, жамағаттың рухани тәрбиесіне оң ықпал етуде.



17 Наурыз 2026
28 Рамадан 1447

