"Төртбай ата" мешіті ұлттық ойындарды мешіт жамағаты арасында насихаттау мақсатында, садақ атудан жарыс ұйымдастырды.
Пайғамбарымыз (с.а.с) "Расында, күш - садақ атуда" деген. Садақ ату, қуатты қол, төзімділік пен мергендікке баулитын спорт түрі. Пайғамбарымыз (с.а.с) тағы бір хадисінде "Садақ атуды және атқа мінуді үйреніңдер" деу арқылы бұл спорт түрінің мәртебесін көтеріп қойған. Осылай садақ ату дінімізді сүннет амалдардың қатарына жатады. Жарыс жоғарғы деңгейде өтіп, жамағат мергендік сайысында өзара кім мықтыны анықтады.
Бірінші орынды өзінің мергендігімен дараланып, өзгелерден оқ бойы озып 30 ұпай жинаған Бөлегенов Бексұлтан өз қанжығасына байласа, екінші орынға 25 ұпаймен Иманбаев Сабыржан жайғасты. Үшінші орынға 20 ұпаймен Жақаш Бекзат тұрақтады. Жарыс соңында жарыс жеңімпаздарын марапаттап, алғыс айтып құттықтап жамағат атынан ризашылық білдірілді.
"Төртбай ата" мешітінің баспасөз қызметі.



13 Наурыз 2026
24 Рамадан 1447

