Ақкөл ауылы, Ақкөл мешітінің имамы Амиров Сейткамаладдин мешіт жамағатына дін мен дәстүр кітабынан ұстазға, білім иесіне құрмет көрсету тақырыбында дәріс оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Имам жиналған қауымға ұстаздарға және білімге деген құрметтің исламдағы орны мен оның рухани және әлеуметтік мәнін түсіндірді. Сонымен қатар жас ұрпақты білім алуға ынталандыру, ұстазға ізет көрсету және олардың еңбегін бағалау керектігі жайлы насихат сөз сөйледі.
Кездесу барысында жамағат имамның баяндамасын ықыласпен тыңдап, өз сұрақтарын қойып, тақырып бойынша толық ақпарат алды. Мұндай шаралар жас ұрпақты тәрбиелеуге, қоғамда білім мен ұстазға деген құрметті арттыруға, сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығын нығайтуға бағытталған.
"Ақкөл" мешітінің баспасөз қызметі.


13 Наурыз 2026
24 Рамадан 1447

