БАЙЗАҚ: АУДАНДЫҚ МЕШІТТЕ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

БАЙЗАҚ: АУДАНДЫҚ МЕШІТТЕ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты елші Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің», - дегендей Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің ұжымының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында офлайн форматта 30-пара, жарты пара, жарты параға дейін, 10 сүре және «Муғалим сәни» кітабын бетінн оқу бойынша сайыс өтті.

Абай атамыз: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас», - деген еді.

Қатысушыларды сынақтан өткізуге Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы, «Ар-Рахман» мешітінің имамы Досмухаммет Гулымхазрат және Тегістік ауылдық «Тегістік» мешітінің имамы Бақытбек Бауыржанұлы өздерінің әділ бағаларын беруге әділқазылар алқасының құрамында болып, сайысқа қатысушы шәкірттерге және жамағатқа Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде мағыналы уағыз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерімен таныстырып өтті.

Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді. Құран жарысына «Байзақ баба» мешітінде дәріс алып жүрген 25 шәкірт бақ сынасты.

Жарыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махраджына, оқу мәнеріне мән беріліп, нәтиже төмендегідей өрбіді:

30 параны жатқа оқу аталымы бойынша:

І орын - Гурбанмуратов Сулейман (10 000 т.)

Жарты параны жатқа оқу аталымы бойынша:

І орын - Рустемов Жандәулет (7 000 т.);

ІІ орын - Темірбекұлы Ақтілек (6 000 т.);

ІІІ орын – Бексултан Өмірзақ (5 000 т.).

Жарты параға дейін жатқа оқу аталымы бойынша:

І орын -  Нұрасыл Ғайыпбай (6 000 т.);

ІІ орын – Рамазан Жанғабай (5 000 т.);

ІІІ орын – Ержан Жанғабай (3 000 т.).

10 сүрені жатқа оқу аталымы бойынша:

І орын -  Нұрқанат Тұрман (5 000 т.);

ІІ орын – Беколжас Амангелді (4 000 т.);

ІІІ орын – Әбілхайыр Матай (3 000 т.).

«Муғалим сәни» кітабын бетінен оқу аталымы бойынша:

І орын -  Ерасыл Ибрагим (5 000 т.);

ІІ орын – Жасұлан Төлепберген (3 000 т.);

ІІІ орын – Разымұхаммед Хамза (2 000 т.).

Жүлделі орындарға ие болғандарға да, барлық қатысушыларға да естеліккке сыйлықдықтар үлестірілді. Алла Тағала қасиетті Құранды кітап күйінде ғана емес, адамдар арқылы, осындай қариларымыз арқылы  сақтап отырады. Сондықтан, бәйгені ұйымдастыру да  Алла жолындағы мәртебелі қызмет.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: