Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылдық мешітінде қасиетті Рамазан айының тарауық намазы алдында «30 күнге 30 уағыз» жобасы бойынща насихат айтылды. Мешіт молдасы Қанатбай Режепбайұлы жамағатқа «Ал енді иман келтіріп, игі іс істейтіндерге келсек, Біз игі істер істейтіндердің сауабын әсте зая етпейміз», – деп айтқан.
Әһлі-сунна ғалымдары иман мен амалды екі бөлек дүние ретінде қарастырады. Иман мен амал бөлек-бөлек болғанымен өзара тығыз байланыста. Яғни, иман пендені жәннатқа кіруге себепкер етсе, жасаған (намаз, ораза секілді) амалдар жәһаннамнан құтылуға бірден-бір жол. -деп айтып өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

