Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылдық «Жуалы» мешітінде қасиетті Рамазан айының тарауық намазы алдында «30 күнге 30 уағыз» жобасы бойынша насихат айтылды. Мешіт имамы Сейтқазы қажы Әбдірұлы жамағатқа Қасиетті Құран аяттары мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде Алла Тағалаға сүйікті деп танылған ізгі амалдың көптеген түрлері айтылған. Олардың негізгілеріне тоқталар болсақ:
Бірінші, уақытында оқылған намаз. Исламның бес шартының әуелгісі иман болса, екіншісі, намаз. Алла Тағала қасиетті Құранның 87 жерінде намаз оқуды бұйырып, оның адам баласы үшін маңыздылығына ерекше назар аударған-деп айтып өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

