Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылдық мешітінде қасиетті Рамазан айының тарауық намазы алдында «30 күнге 30 уағыз» жобасы бойынща Жақсылықта жарысу атты насихат айтылды. Мешіт молдасы Қанатбай Режепбайұлы жамағатқа-Адам баласы табиғатынан жарысқа құмар келеді. Біреу байлық жинауда, біреу қызметте, енді біреу атақ-даңқта озуға тырысады. Алайда мұсылман үшін ең қайырлы жарыс – дүниелік мақсаттар емес, Алланың разылығына жеткізетін ізгі амалдардағы бәсекелестік. Абай атамыз өзінің 18-ші қара сөзінде:
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық», – деп, қандай қасиеттер адам баласы тырысуы керек екенін атап өткен..-деп айтып өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

