Жуалы ауданы, Теріс ауылдық «Мырзахмет ата» мешітінде қасиетті Рамазан айының тарауық намазы алдында «30 күнге 30 уағыз» жобасы бойынща насихат айтылды.
Мешіт имамы Бауыржан Мұсағалиұлы жамағатқа-. Әрбір амалды атқарардан бұрын ниетті дұрыстап алу қажет. Себебі адамның ниеті лезде өзгеруі мүмкін. Кезінде табиғиндер сахабалармен жолыққандарында, олардың атқарған ізгі амалдарына таң қалып: «Мұншалықты үлкен амалдарды қалай атқардыңыздар?» – деп сұрақ қояды екен. Сонда сахабалар: «Біздерге ол амалдарды атқару қиындық туғызған жоқ. Алайда біз үшін ең ауыр келгені ниетімізді жөндеу болды», – деп әсерлі насихат айтып өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


10 Наурыз 2026
21 Рамадан 1447

