Жуалы ауданы, Ақбастау ауылдық мешітінде қасиетті Рамазан айының тарауық намазын алдын жамағатқа уағыз айтылды.
Мешіт молдасы Нұртаза Маратбекұлы Рамазан айына берілген тапсырма бойынша «Отыз күнге отыз уағыз» аясында «Құранмен өрнектелген өмір» тақырыбында- Құранда жеке тұлға, қоғамдық, рухани һәм ақыреттік ғұмырға тиісті қажеттіліктіктің тұтасы болғандықтан ол – дертке шипа, жанға дауа кітап.
Құран негіздері пенденің «толық адам» шыңына қарай қанат бітіріп, һәм нәпсінің тізгінін тартып, рухтың асқақ сезімдерін қанағаттандыруда ерекше дара. Құран адам жаратылысына сәйкес болғандықтан түсінетін дәрежеде сөз қозғап, ой-санамызға қажетті барлық зәру ілімдерді үйретеді,-деп тарауық намазы алдын әсерлі уағыз айтты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


10 Наурыз 2026
21 Рамадан 1447

