Қордай: Бетқайнар ауылында әлеуметтік қолдау шарасы өтті

Қордай: Бетқайнар ауылында әлеуметтік қолдау шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Кім бір мұсылманның дүниедегі бір қиыншылығын жеңілдетсе, Алла Тағала оның ақыреттегі бір қиыншылығын жеңілдетеді» - деген екен.

Осы хадисті негізге ала отырып, Қордай ауданына қарасты «Бетқайнар» ауылдық мешітінің имамы Нурлан Нурмаханұлының ұйымдастыруымен, мешіт жамағатының демеушілігімен қайырымдылық шарасы өткізілді.

Шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж 7 үйге қайырымдылық көмегі таратылды. Аталған игі іс жамағаттың бірлігі мен жанашырлығын көрсетіп, мұқтаж жандардың тұрмыстық қиындықтарын жеңілдетуге сеп болды.

Алла Тағала осы қайырымдылыққа үлес қосқан барша жамағаттың садақасын қабыл етіп, сауаптарын еселеп жазсын. Ел-жұрт аман, береке-бірлік тұрақты болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: