Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Раббым, Ережеп пен Шағбан айларын берекелі қыла гөр. Бізді Рамазан айына аман-есен жеткізе гөр», – деп дұға тілейтін еді.
Осы сүннетке сәйкес Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен «Рамазанға дайындық» марафоны жалғасуда. Нәзік жанды қыз-келіншектер мен апа-әжелер қатысқан марафон барысында қатысушыларға күнделікті өзін дамытуға, құлшылықты арттыруға және рухани дайындыққа бағытталған тапсырмалар берілуде. Бірнеше айдан бері жалғасып келе жатқан марафон өз жемісін көрсетуде.
Нәтижесінде мұсылман жамағатының жауапкершілігі артып, құлшылықтарын саналы түрде, мән бере орындап, қасиетті айға тыңғылықты дайындық жасауда. Осындай белсенді жандарымыз көбейе берсін. Дұға-тілектері мен ізгі амалдары қабыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



12 Ақпан 2026
24 Шаабан 1447

