Қылышбай ауыл мешітінің имамы жамағатқа арналған пәтуа сағатын өткізіп, ішімдік мәселесіне тоқталды.
Кездесу барысында мешіт имамы ішімдікке қатысты діни үкімдер жайында түсіндірме жасады. Имам исламда ішімдіктің харам етілу себептеріне тоқталып, оның адам өміріне, отбасылық тәрбиеге және қоғам тыныштығына тигізетін кері әсерін атап өтті. Сонымен қатар, жамағатты зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты әрі адал өмір сүруге үндеді.
Тағылымды жиын жамағаттың діни білімін арттырып, маңызды сұрақтарға жауап алуға жол ашты.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


06 Ақпан 2026
18 Шаабан 1447

