Айдарлы ауылының имамы мешітке жиналған жамағатқа ислам құндылықтары мен ұлттық дәстүрдің өзара сабақтастығы жөнінде насихат жүргізді.
Дін маманы өз сөзінде “Дін – Аллаға жақындаудың, иман келтірудің жолы. Ислам дінінің асыл құндылықтарымен біте қайнасқан қазақ халқының салт-дәстүрлері қашанда ұлтты ұйыстырып, халықты ынтымағымен баурап келеді” - деп ата-бабадан қалған салт-дәстүрді құрметтеу, имандылық пен адамгершілікті қатар ұстану мәселелері кеңінен сөз болды.
Көпшілік уағыз соңында алғыстарын білдіріп, намазда сап түзеді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



22 Сәуір 2026
5 Зуль-каада 1447

