Биназар ауылдық мешітінің имамы жиналған жамағатқа исламдағы уақып ұғымының мәні, түрлері мен мақсаты туралы кеңінен түсіндірді.
Уағыз барысында уақып жасаудағы дұрыс ниеттің маңызы ерекше атап өтілді. Имам уақыптың негізгі бағыттарына тоқталып, оның ғылыми мақсаттағы уақып, қайырымдылық уақып және ұрпаққа арналған уақып түрлері бар екенін баяндады.
Сонымен қатар, уақыптың қоғамға тигізер пайдасы, білім мен ізгілікті дамытудағы рөлі сөз болып, жамағат адал ниетпен сауапты істерге үлес қосуға шақырылды. Дәріс соңында жамағат алғыстарын білдіріп, тарқасты.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



06 Ақпан 2026
18 Шаабан 1447

