#Мойынқұм: Ислам және адал қоғам туралы «Мойынқұм» мешітінде уағыз айтылды

#Мойынқұм: Ислам және адал қоғам туралы «Мойынқұм» мешітінде уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай орталық «Мойынқұм» мешітінде жамағатқа тағылымды уағыз айтты.

Жыл аясында белгіленген «Ислам және адал қоғам» тақырыбына арналған уағызда бас имам қоғамдағы адалдықтың, әділдіктің және рухани жауапкершіліктің маңызын кеңінен түсіндірді. Уағыз барысында имандылық пен көркем мінездің адам өміріндегі орны сөз болып, жамағат адал еңбек етуге, әділетті болуға және қоғам тыныштығын сақтауға шақырылды.

Тағылымды уағыз жамағатқа рухани ой салып, ізгі құндылықтарды нығайтуға бағытталды. Көпшілік имамға алғыстарын жеткізді.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: