«Жәми» мешіттің әйел-қыздар секторының бастамасымен шариғат талаптарына сай «Мәйітті жуындыру және кебіндеу» тақырыбында арнайы семинар өтті.
Семинар барысында ислам шариғатындағы мәйітке қатысты атқарылатын амалдар көрсетіліп, жан-жақты түсіндіріліп, оның тәртібі мен маңыздылығы айтылды. Қатысушылар көкейінде жүрген сұрақтарына нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
Тағылымды кездесуді Әжелер алқасының мүшелері Мадина Нұрланқызы мен Мақпал Серікқызы жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар бұл амалдардың мұсылман үшін үлкен жауапкершілік әрі сауапты іс екенін атап өтті.
Рухани білім беруге бағытталған мұндай шаралар жамағаттың діни сауатын арттырып, қоғамда ізгілік пен тәртіпті нығайтуға өз үлесін қоса бермек.
Шу аудандақ «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



06 Ақпан 2026
18 Шаабан 1447

