«Мойынқұм» мешітінде ауданның бас имамы Ержан Көшкімбайдың жүргізуімен жамағатқа арналған пәтуа сағаты ұйымдастырылды. Кездесу барысында мәсіге мәсіх тарту мәселесі кеңінен түсіндірілді.
Пәтуа сағаты кезінде бас имам мәсіге мәсіх тартудың шариғаттағы орны, оның шарттары мен тәртібі жайында нақты мәлімет беріп, жамағатты діни үкімдерді дұрыс орындауға шақырды. Сонымен қатар, жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріліп, тәжірибелік мысалдар арқылы түсіндірме жасалды.
Жиын соңында жамағат көкейіндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Мұндай пәтуа сағаттары діни сауаттылықты арттыруға және дұрыс құлшылық жасауға үлкен септігін тигізетіні атап өтілді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



04 Ақпан 2026
16 Шаабан 1447

