Шу ауданында имамдардың қатысуымен маңызды жиын өтті. Орталық “Жәми” мешітінде өткен басқосу “Ислам және адал қоғам” жылы аясында ұйымдастырылып, аудан бойынша жылдық жоспар талқыланды.
Аталған жиналысты Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев пен “Төле би” мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы жүргізді. Жиын барысында атқарылатын жұмыстар нақтыланып, имамдарға алдағы кезеңге арналған нақты тапсырмалар бөлініп берілді.
Дін қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру, қоғамда адалдық пен рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау мәселелері басты назарда болды.
Шу аудандық “Жәми”мешітінің баспасөз қызметі.



31 Қаңтар 2026
12 Шаабан 1447

