#Шу: Ақсу ауылында жастармен тағылымды кездесу өтті

#Шу: Ақсу ауылында жастармен тағылымды кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына қарасты Ақсу ауылында Байұзақ Жаманкеев имамның қатысуымен мектеп оқушыларымен «Дін – тәрбиенің өзегі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Тағылымды шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың рухани дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтар мен діни сауаттылықты ұштастыру болды.

Кездесу барысында имам жастарға дәстүр мен діннің сабақтастығы, тәрбие негіздері, ата-анаға құрмет көрсетудің маңызы, өмірде нақты мақсат қоя білудің мәні жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қазіргі цифрлық заманда кең таралып жатқан жат ағымдардан сақ болу, ақпаратты дұрыс сүзгіден өткізе білу мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Дөңгелек үстел еркін пікір алмасу форматында өтіп, мектеп оқушылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, маңызды ой түйді. Шара соңында білім алушылар дін маманына ризашылықтарын білдіріп, алған рухани тәлімнің өмірлеріне бағыт-бағдар болатынын жеткізді.

Кездесу соңында имам жастарға ақ батасын беріп, оқу-білім жолында табыс пен сәттілік тіледі.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: