ЖУАЛЫДА ҚҰРАН ШӘКІРТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТӘЖ КИГІЗУ КЕШІ ӨТТІ

ЖУАЛЫДА ҚҰРАН ШӘКІРТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТӘЖ КИГІЗУ КЕШІ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Жуалы ауданына қарасты аудандық «Толымбайтегі Зиябек» мешітінде жылдық қорытынды есеп аясында рухани шара ұйымдастырылды. Аталған игі басқосу мешіт ұстазы Клара Диханбайқызының ұйытқы болуымен өтті.

Шара барысында шәкірттер «Мұғалім сани» кітабын толық аяқтап, жыл бойы алған діни білімдерін қорытындылады. Сондай-ақ, Құранға түскен және Құран оқып жүрген 25 оқушыны ынталандыру мақсатында арнайы тәж кигізу рәсімі өткізілді.

Рухани кеш барысында шәкірттердің еңбегі атап өтіліп, олардың Құран жолындағы талпынысына сәттілік тілеп, жамағат тарапынан ақ баталар берілді. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуге, Құранға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталғаны айтылды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: