Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының Қордай ауданы бойынша арнайы бөлімінің мамандарымен, сондай-ақ Қордай ауылдық округі аумағындағы мешіттердің имамдарымен бірлесе отырып, ауылдық округтегі дін саласындағы мобильді топтың 2025 жылы атқарған жұмыстары жан-жақты талқыланды.
Кездесу барысында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни ахуалды бақылау, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында жүзеге асырылған іс-шаралардың нәтижелері қорытындыланды. Сонымен қатар, радикалды діни ағымдардың алдын алу, жастармен және әлеуметтік осал топтармен жұмыс жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған дін саласындағы мобильді топтың іс-шаралар жоспары қаралып, алдағы кезеңге нақты міндеттер айқындалды. Алдағы жылы өткізілетін ақпараттық кездесулердің сапасын арттыру, профилактикалық жұмыстарды күшейту және мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде ұсыныстар айтылды. Баршамызға Алланың жеңілдігі, берекесі, қолдауы болсын!
Аудандық қордай мешіті баспасөз қызметі



22 Қаңтар 2026
3 Шаабан 1447

