Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл фәни дүниеде маған үш нәрсе сүйікті етілді: әйел, жұпар иіс және көзімнің нұры – намаз», – деген.
Қордай ауданы, Қордай ауылы, Партизан мөлтек ауданында орналасқан «Рахман» мешітінің әжелер алқасы бөлмесінде нәзік жандылар жамағаты ақ дастархан басында бас қосты. Кездесуді «Рахман» мешіті ұстазы Айгүл Жолдасқызы мен әжелер алқасының мүшелері ұйымдастырды.
Аудан жамағаты қазақтың кең пейілді қонақжайлығымен келген қонақтарды ықыласпен қарсы алып, ізгі ниеттерін білдірді. Дастархан басында намаздың құндылығы мен рухани маңызы насихатталып, жиын соңында қатысушыларға алғыс айтылды. Алла Тағала барша жандарды көңілі кең, қолы ашық, жомарт құлдарынан етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



22 Қаңтар 2026
3 Шаабан 1447

